Ел жаңалықтары 04.06.2020 17:38 129 қаралым

Таразда Мемлекеттік рәміздері күні мерекесі ерекше өтті

"Қасиетті көк байрағы елімнің!" атты акциясы аясында көпқабатты тұрғын үйлердің қасбеттеріне Мемлекеттік Ту ілінді.
Таразда Мемлекеттік рәміздері күні мерекесі ерекше өтті

Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік рәміздері осыдан 28 жыл бұрын, 4 маусым күні бекітілген болатын. Содан бері аталмыш датаны барша қазақстандықтар айтулы мереке ретінде атап өтіп келеді.

Бүгін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай Тараз қаласында "Жастар" аллеясындағы "Сахна" алаңшасынан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті саябағына дейін "Елтаңбам – елдігім, көк туым – теңдігім!" атты патриоттық акция аясында авто-мото-велошеру, ұйымдастырылды.

null


Сондай-ақ, "Қасиетті көк байрағы елімнің!" атты акциясы аясында көпқабатты тұрғын үйлердің қасбеттеріне Мемлекеттік Ту ілінді.

null


Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба және Мемлекеттік Әнұран. Мемлекеттік үш нышанды таңдау үшін 1992 жылдың басында Жоғарғы Кеңес президиумы жұмыс тобын құрып, арнайы шығармашылық комиссия тағайындады. Оның құрамына Салық Зиманов, Ербол Шәймерденов, Серікболсын Әбділдин, Серік Әбдрахманов және т.б. қайраткерлер кірді. Осыдан кейін бүкіл Қазақстан көлемінде Елтаңба, Ту, Әнұран нұсқаларына конкурс жарияланды. Бір ғана тудың өзіне 600 адамнан 1 200 нұсқа түссе, Елтаңбаның 245 жобасы, әнұранның 750 үлгісі байқауға қатысты.

null


null


null


Айдары : Ел жаңалықтары Тегтер : Тараз