Қазақстанда шетел валютасымен салынған депозит өскен
Депозитті долларландыру деңгейі 46,7 пайызға дейін өскен

Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев Қазақстанда шетел валютасымен салынған депозиттердің 15,5 пайызға өскенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
«2020 жылдың наурыз айының соңында депозиттердің мөлшері - 20 миллиард 300 миллион теңгеге жетті. Бұл көрсеткіш жыл басынан бері 6,6 пайызға өскен. Шетел валютасымен салынған депозиттердің мөлшері 15,5 пайызға немесе 1 триллион 300 миллион теңгеге көбейген», - деді Досаев.
Оның айтуынша, депозитті долларландыру деңгейі 46,7 пайызға дейін өскен.