Тоқаев жұмыс сапарымен Алматы қаласына барды
Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады

Берік Уәлидің хабарлауынша, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сапар барысында қаланың бірқатар инфрақұрылымдық нысандарының жаңғырту жобаларымен және құрылысымен танысады.
«Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетін мобильді скрининг арқылы анықтау орталығына барады. Ботаникалық бақты қайта қалпына келтіру жұмысымен танысып, құрылысы жүріп жатқан әлеуметтік қызмет көрсету үйін аралап көреді», - деп хабарлады.
Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы соңғы рет Алматы қаласына жұмыс сапарымен 2019 жылдың қазан айында барған еді.