Ел жаңалықтары 23.03.2020 16:30 77 қаралым

Таразда көпбалалы отбасыларға бетперде таратылады

Бұл маскаларды бірнеше рет қолдануға болады.
Таразда көпбалалы отбасыларға бетперде таратылады

Таразда көпбалалы отбасыларға бетперде таратылады.

Тараз қаласы әкімдігінің бастамасымен коронавирустың алдын алу мақсатында 4000 мыңға жуық медициналық бетперделер дайындалып жатыр. Бұл маскаларды бірнеше рет қолдануға болады.


"Бұл бетперделер көпбалалы, жағдайы төмен отбасыларға таратылатын болады. Бетперделерді қаладағы тігін шеберханалардың иелері мен тігінші қыз-келіншектер ақысыз түрде дайындап жатыр. Бұл бастаманы Жуалы ауданының қыз-келіншектері де қолдап, өздері де арнайы маска тігіп жатыр", - деп пікір білдірді Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Ұлана Сламбекова.