Ел жаңалықтары 06.05.2020 18:18 53 қаралым

Азық түлік бағасын көтерген дүкен иелеріне қомақты айыппұл салынды

05.05.2020 жылы жұмысшы тобымен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бөлшек сауда бағаларына мемлекеттік бақылау жүргізу барысында 2 дүкенде қарақұмық, күріш, жұмыртқа, тұз бағаларының шекті бағадан асып тұрғаны анықталды.
Азық түлік бағасын көтерген  дүкен иелеріне қомақты айыппұл салынды

2020 жылғы 3 сәуірдегі министрліктердің (ҚР-ның сауда және интергация министрлігі, ҚР-ның ауыл шаруашылығы министрлігі, ҚР-ның Ұлттық экономика министрлігі) «Әлеуметтік мағызы бар азық-түлік тауарларының шекті бөлшек сауда бағаларын енгізу туралы» Бірлескен бұйрығымен әлеуметтік маңызы бар 9 азық-түлік тауарларының шекті бағалары белгіленген, - деп хабарлайды Тараз әкімдігінің баспасөз қызметі.

Тараз қаласы әкімінің 22.04.2020 жылғы «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бөлшек сауда бағаларына мемлекеттік бақылау жүргізу мақсатында жұмыс тобын құру туралы» №47-ө өкімімен шекті бағаларға бақылау жүргізетін жұмыс тобы құрылды. 05.05.2020 жылы жұмысшы тобымен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бөлшек сауда бағаларына мемлекеттік бақылау жүргізу барысында 2 дүкенде қарақұмық, күріш, жұмыртқа, тұз бағаларының шекті бағадан асып тұрғаны анықталды.

Аталған дүкен басшылары ӘҚБтК-нің 202-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылып, жалпы соммасы 555 600 теңгені құрайтын айыппұл салынды.