Сенат депутаты Дариға Назарбаеваның өкілеттігі ресми түрте тоқтатылды

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері Тоқаевтың шешімін бірауыздан қабылдады
Сенат депутаты Дариға Назарбаеваның өкілеттігі ресми түрте тоқтатылды

4 мамыр күні Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтіп, Сенат депутаты Дариға Назарбаеваның өкілеттігін тоқтату шешім қабылданды. 

«Парламент сенатының депутаты Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаеваның өкілеттігі конституцияның 52-бабы 5-тармағына, «Парламент және оның депутаттары туралы» конституциялық заңының 24-бабының 5-інші және 9-тармақтарына сәйкес президенттің 2020 жылғы 2 мамырдағы жарлығы негізінде тоқтатылды», - делінген Орталық сайлау комиссиясының ресми сайтында.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Дариға Назарбаеваға сенат төрағасы ретінде атқарған жемісті жұмысына ризашылығын білдірді.

«Д.Н.Назарбаеваға Парламент сенатының төрағасы ретінде атқарған белсенді және жемісті жұмысы үшін ризашылығымды білдіремін», - деп жазды ол.