Петропавл Путин мен Назарбаевты қарсы алуға дайын ба? (ФОТО)

Бүгін ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин Солтүстік Қазақстан облысына арнайы іссапармен барып, Петропавл қаласының алда өтетін өңіраралық форумға дайындық мәселелерін пысықтап қайтты. 

Асқар Мамин 2018 жылы форум Петропавл қаласында өтетіні туралы өткен жылы Ресейдің Челябі қаласында айтқан. Былтыр жоғары деңгейде ұйымдастырылған форумның биылғы жалғасы да барлық талапқа сай болуы қажет. Ал оған Петропавл қаласы дайын ба? Не жетіп, не жетпейді?

«Қазақстан мен Ресейдегі туризмді дамытудың жаңа жолдары мен тенденциялары» тақырыбы талқыланады. Біз туризм саласына ерекше назар аударып отырмыз. Өзіндік зор әлеуетке ие  Петропавл қаласы да  тегін таңдалып отырған жоқ.  Егер біздің елді аралауға келетін және біздің өнімдерді пайдаланатын  туристер туралы айтатын болсақ, біз көп жағдайда ресей нарығына бағдар жасаймыз»,-деді А.Мамин.

СҚО дағы форумға дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатқаны туралы облыс әкімі Құмар Ақсақалов айтып өтті.

Қонақтардың басым бөлігі әуе және автомобиль жолдарымен келетінін есепке ала отырып, қаланың оңтүстік бөлігіне ауқымды жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Ол жерде 50-60 жылдары салынған жер үйлер бар. Жаңа үйлер тұрғызылып, барлық көше жөндеуден өтеді,-деді аймақ басшысы.

Қалада көп жылдар бойы қолға алынбаған көшелерді жарықтандыру жұмыстары жүргізіліп, жаңа шамдар орнатылуда.

«Темір жол вокзалы да көп жылдар бойы жөндеу көрмеген. Ғимараттың іші мен сырты жаңғыртудан өтеді. Лифт орнатылып, жолаушылардың перронға шығуы жеңілдейді. Жұмыстар екі жыл көлемінде аяқталады»,-дейді Құмар Ақсақалов.

Қалада көшелер мен аулаларды қалпына келтіру жұмыстары да қарқын жүргізілуде. Мұл мақсатқа да көп жылдар көлемінде қаржы бөлінбей келген. Облыс әкімінің айтуынша, ҚР Үкіметінің қолдауы және жергілікті резервтің күшімен абаттандыру ісі де алдағы уақытта тәмамдалып қалмақ.

Тағы бір мәселе — қонақүйлер. Өңір басшысы қазірдің өзінде 750 орындық қонақ үй дайын тұрғанын және екі қонақ үй ғимараты тұрғызылып жатқанын жеткізді.

«Біздің есебіміз бойынша, форум мезгілінде қалаға мыңнан астам қонақ келмек. Олардың көпшілігі ертерек жетеді. Қонақ үйлерде кем дегенде 1,2 мың орын болуы қажет. Әзірге орындар жеткіліксіз болып тұр. Мәселені алдағы уақытта шешеміз, — деді Асқар Мамин.

Әкімнің айтуынша, қонақтарды Петропавлдағы 27 мейрамхана күтіп алмақ.

Фотолар: Қазақпарат

 

News, Өңірлер, Фоторепортаж

Related Articles

0 Comment

Leave a Comment

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *