«Жағаға қолды салғаны….»

Айтыскер-ақын, ардагер ұстаз, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, Орал қаласының тұрғыны Дариға Мұштанова Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты Бекболат Тілеуxановқа «Елім менің» әнінінің авторлық құқығы туралы даулап ашық хат жазды, сондай-ақ, оның көшірмесін Парламент жанындағы депутаттар этикасын бақылау комиссиясына, Мәдениет министрлігі мен Композиторлар Одағының басшыларының назарына ұсынды. Хаттың мәтінін төменде жарияладық.


Бекболат Тілеуxан!

Жайық өңірінің маңдайына басқан Жұлдыз Перзенттерінің бірегейі Ғарифолла Құрманғалиев екені басқадан бұрын сізге айқын. Қазақ өнерінің көгінде қыран әндерімен бірге қалықтаған Ғарекең, бүгінгіше айтқанда — бренд , біле білген адамға…

Ішіңіз сезіп отырғандай, әңгіме «Елім менің» әні туралы.

Қыздары, жиендері қаншама дәлелдесе де, ол кісінің әнін өзіне қайтарып беруге асығар емессіз.

Бұл қалай? Ар туралы, намыс пен ұлттық қасиет туралы елге жөн айтудан бір шаршамайтын Бекболат емес пе едіңіз? Әлде, парламент төрінде отырған соң, бізге бәрі болады деп ойлайсыз ба?

«Жарлысы мен байы тең,
Жары менен сайы тең,
Жабысы мен тайы тең…»( Қазтуған)

Өнер деген өлкеге мандат күші жүрмейтінін ұмыттыңыз ба?

«Жайықты тартып алғаны — жағаға қолды салғаны, Ойылды тартып алғаны — ойындағысы болғаны…(Мұрат Мөңкеұлы) деп егілтіп жүріп, өзіңіз де Жайықтың жағасына қол салған екенсіз ғой сол кезде.

Ғарифолланың алдын көрген, сырттай өнерінен тәлім алып жолын қуған шәкірттері, Қанатты Перзентінің жоғын жоқтайтын елі, Жайық-Қаратөбенің қалың жұрты бар екенін естен шығармаңыз. Әлде бұл жұрт сіз үшін тек сайлау алдында сайрауға ғана керек тобыр ма?

Өнер адамының жұрнағы бойыңызда қалған болса, Руxынан кешірім сұрап, қайтарыңыз әнін автордың. Елінен, жерінен кешірім сұраңыз.

Депутаттықты былай қойып, азаматтық арыңызға салдық бұл талапты.

Бүге-шігелеп айтып кетсек, сөз де көп, дәлел де көп. Осымен тоқтағаныңыз жөн.

Байқайсыз ба, Ол ән ән де болып жарып жүрген жоқ сізге. Шырқала бастағанда, жұрттың көңілінде күмән, ойында Ғарекең тұрады. Президенттен де ұят болды, ол өлең сұрап па еді сіздерден.

Ғарифолладай ақиықтың туындысын жарамсақтыққа пайдаланғанды Құдай қос көре ме? Әшкере болудың сыры сонда. Ойланыңыз.

News, Күн келбеті, Сұхbattle

Related Articles

3 комментария

3 Replies to “«Жағаға қолды салғаны….»”
  1. Дарига !менин курдамым бодаемым.мен Гарифулловна атамыздым келинимин- ляйла кабылкаир кызы .оо веди Нотага тустрген менмин. Ол киси домбрасымен айтатын.мен Нотага. Тусеоедим.суйтим коп Андерти жаздык.мен консерваторияны 1971э биьиргем.фортепиано классынан.стажым 48 ж .концертмейстер,преподаватель -мамандыгым.5немерем бар,»Аппак сакалымен «отрик. Айтпаймын,куем

  2. Iпишу прощения .писала через телефон и слова с ошибками получились .печатаешь одно -выходит другое.кириллицей пользуюсь и поэтому выходят другие буквы. Уважаемая Дарига!мы вероятно с Вами ровесники -одно поколение. Я безмерно возмущена наглостью. Бекбулата. Он же не одни же эти ноты забрал.был вхож в дом. К нам часто приходили учащиеся эстрадной студии не только нашего Ата но и другие.в том числе Ж. Елебекова а впоследствии и Ж. Карменова(великолепного музыканта и человека). На ноты песни перекладывала я лично. Ата напевал с домброй-я записывала.и так мы много с ним написали с 1968г Я окончила консерваторию в 1071гпо классу фортепиано концертмейстер преподаватель стаж 48 лет работала в консерватории ,в муз.училизе им П. И. Чайковского и в театральной академии им. Т. Жургенева.у меня 5внуков и с высоты своего возраста не могу лгать .поэтому Бекбодат в жизни многое повидала ,нос такой наглостью впервые сталкиваюсь . Ты ещё молод и жизнь ещё впереди и у тебя есть дети побойся Аруахов. Гарифулловна ата знал Коран на 3-х языках и у него очень сильная аура -энергетика. .

  3. Атамыздың аруағы тегін қоймас! Халықтың, ұрпақтарының алдында кешірім сұрау керек қой. Барлық дəлелді құжат, деректер бар ғой. Сондықтан да уақыт келгенде иесін табады. Бекболат композитор болса, одан басқа тағы шығарған қандай əні бар екен?!

Leave a Comment

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *