Қазақстанның қай өңірлерінің тұрғындары несиені жиі алатыны анықталды

Қазақстанның оңтүстік өңірлерінің тұрғындары басқа өңірлермен салыстырғанда несиені көбірек алатын болып шықты. Бұл туралы Ranking.kz сарапшыларының зерттеуінде айтылады.

Сарапшылардың мәліметінше, 2017 жылы елімізде несие алушылардың саны бірден 12,4 пайызға (501,2 миллиард теңгеге) жеткен.

«Қазақстан өңірлерінің ішінде Алматы облысының тұрғындары несиені көбіне тұтынушылық мақсатта алады — 80 пайыздан көбі. Мысалы, тұрмыстық техника, жиһаз алу үшін, еңбек демалысы, үйлену тойы, тауарларды несие алу (бөліп төлеу) және тағы да басқа мақсаттарда. Осылайша, бір жылда тұтынушылық несие көлемі 23 пайызға — 22,8 миллиард теңгеге өсті», — делінген мамандардың зерттеуінде.

Тұтынушылық несиені жиі алатындардың қатарында Қызылорда облысы бар екен. Онда жеке тұлғалар алған несие көелмі бір жылда бірден 22,1 пайызға, яғни, 105,2 миллиард теңгеге дейін жеткен.

Сондай-ақ, сарапшылардың зерттеуінде Оңтүстік Қазақстан облысытұрғындарының өте жиі несие алатыны айтылады. Мамандардың айтуынша, ОҚО-да жеке тұлғалар алған несиенің көлемі 72,3 пайызға дейін өскен. 2017 жылы бұл көрсеткіш 18,2 пайызға өсіп, 197,4 миллиард теңгеге жеткен.

Ал несие көлемі азайған өңірлердің қатарында Алматы қаласы тұр. Онда несие көлемі бір жылда 1,9 миллиард теңгеге қысқарған екен.

Тengrinews.kz

News, Рейтинг

Related Articles

0 Comment

Leave a Comment

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *