Асығыс жазылған «маңдайшалар» немесе кейбір әкімдіктердің «шалалығы» (ФОТО)

Өткен жылы қазанның 27-сінде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақ тілі әліпбиінің латын графикасындағы жаңа түрі – апострофты нұсқасын бекіткен. Жарлықпен бекітілген қазақ тілі әліпбиінің латын графикасындағы нұсқада қазақ тіліне тән кейбір дыбыстар және тағы бірнеше әріп апостроф (дәйекше) арқылы белгіленген болатын.

Екі апта өткенде Нұрсұлтан Назарбаевтың «Жылдар мен ойлар» деп аталатын кітабы апострофты нұсқамен қайта басылып шыққан. Кейбір газет-журналдар осы нұсқамен түрлі мақалалар үлгісін жариялай бастаған. Сонымен қатар мемлекеттік мекемелер мен әкімдіктер де өздері отырған ғимарат маңдайшасында жазылған атауларын осы нұсқа бойынша жаза бастаған. Тіпті осы нұсқа бойынша кейбір республикалық басылымдар, телеарналар мен оның филиалдары ребрендинг жасап, апострофты нұсқадағы атауымен ақпарат тарата бастады.

Алайда, көп ұзамай Сенат спикері Қасым-Жомарт Тоқаев «Твиттер» желісіндегі жеке парақшасында «Ұлттық комиссия қазақ тілі латын әліпбиі бойынша нақты шешімге келген жоқ, сондықтан «апостроф» әліпбиін газеттерде я басқа жерлерде пайданалуға әлі ерте»,— деп жазды. Содан кейін ғана бұл науқан саябырсып, ұлттық комиссияның ақырғы шешімін күтейік деп шешті.

Араға төрт ай салып, 2018 жылдың 20 ақпанында Назарбаев латын негізіндегі қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасын бекітті. Әдеттегідей Президенттің жарлығы жарияланған күннен бастап күшіне енді. Ал, енді ғимарат маңдайшалары, «ескі нұсқамен» жазылған ребрендингтердің күні не болады? Жеке сектор ғимараттары қалай, қашан өзгертсе де өз еркі, ал мемлекеттік мекемелер мен әкімдіктер ше?

Ақтау қаласының әкімдігінің латынша нұсқадағы маңдайшасы
Алматы қаласының әкімдігі
Маңғыстау облысының әкімдігі
Алматы қаласы, бұрынғы Фурманов көшесі
Алматы қаласындағы мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған тұрақ

Ғимарат маңдайшасындағы атауын апострофты латын әріптерімен жазып алғандар оны қайта өзгертуі мүмкін. Ал, көптеген сарапшылар билік бекіткен латын графикасындағы әліпбидің жаңа нұсқасы мұның алдындағы «апострофты нұсқадан құтылу үшін ұсынылғанын» айтады. Сондықтан, бұл нұсқаны да соңы деп ойлап, әкімдіктер тағы да шығынға батудан аулақ болуы тиіс. Әсіресе, Маңғыстау облысы.

Маңғыстау облысы әкімдігінің іс басқармасы бастығының орынбасары Бейсен Шеркешовтің айтуынша, ғимарат маңдайшасында апострофты латын әліпбиімен жазылып тұрған атау қайтадан өзгертілуі мүмкін.

News, Фоторепортаж

Related Articles

1 Comment

One Reply to “Асығыс жазылған «маңдайшалар» немесе кейбір әкімдіктердің «шалалығы» (ФОТО)”
  1. Бұл соншалықты мәселе қылатын нәрсе емес деп ойлаймын. Ұлттық арнаның және оның аймақтық филиалдары атының ауысуын неге жазбайсыз?! Оған үйлестіруші және бақылау жүргізетін ақпарат және коммуникация министрлігі қайда қарап отыр?! Тақтайшаны көре қалғанша осындай жазуға тұрарлық дүниені жазбайсызба?

Leave a Comment

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *