Байбектің есебі «түгел»

Алматының қаласының мэрі Бауыржан Байбектің халықпен есептік кездесуі болды. Есептік кездесуде қала әкімінің аузынан шыққан ең маңызды жәйттерді осында жарияламақпыз. Ірі мегаполис басшысы бұл жолы үлкен дайындықпен шықты, қысқасы есебі «түгел» болды. Әрбір мінберге шығып сөйлеген сайын кейбір цитаталары мемге айналатын Бауыржан Байбек бүгінгі есебінде қаладағы негізгі проблемаларға тоқталды.


Бұрынғыдай тегін баспана беру болмайды

«Тегін баспана болмайды. Егер сізге пәтер керек болса, кезекке тұрыңыз, төмен жалақы алатыныңызды немесе мүгедектігіңізді дәлелдейтін құжат көрсетіңіз. Мәслен, «Нұрлы жер» бағдарламасы арқылы 15 жылға пайызсыз несиемен былтыр 5 мың отбасы пәтер алды, 175 жетімге пәтер берілді», — деді Бауыржан Байбек.


Жастарды баспанамен қамтуға 2 млрд теңге бөлінеді

«Қазір Алматы тұрғындарының шамамен жартысы — жастар. Олардың орта жасы 33,5 жас. 200 мың жуық студент білім алады. Бұның артықшылығымен қатар қиыншылықтары да бар. Республика бойынша жастар жұмыссыздығының ең жоғарғы көрсеткіші — 6,5 пайыз. Бұл көрсеткіш Алматыға тиесілі. «Алматы жастарын қолдау — 2020» жол картасы қабылданды. Былтыр 4 млрд теңге бөлінді. «Алматы жастары» бағдарламасы аясында алдын ала үй құнының 5 пайызын ғана төлеп, несие алу мүмкіндігіне ие болды. 6 мың адам өтініш білдірді. Балдық жүйемен 100 өтініш қабылданды. Сұраныстың көптігіне байланысты биыл да бұл бағдарлама өз жалғасын табады. Былтыр 1 млрд теңге бөлінсе, биыл 2 млрд теңге қарастырылған», — деді Бауыржан Байбек.


Алматыда 14 мыңнан астам жұмыссыз адам анықталған

«Қаланың жұмыспен қамту базасында 235 мың адамның әлеуметтік статусы өзгерді. Пәтерін жалға берген, жекелей адам тасымалымен және бала оқытумен айналысып келген 22 мыңға жуық адам тіркеліп, салық төлей бастады. Бұрын ақшаны конверт арқылы алып келген 1,5 мыңға жуық жалдамалы жұмысшылар еңбек шартына отырып, әлеуметтік қамсыздандыру бағдарламаларына енді. Сонымен қатар, уақытша жұмыссыз 14 500 тұрғын анықталып, тіркеуге алынды. Оларды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету керек», — деді Байбек.


Қала ауруханалары қағазбастылықтан арылады

«Елбасы айтқандай, біздің басты байлығымыз — адам капиталы, тұрғындарымыз. Ең алдымен қаладағы білім беру, денсаулық сақтау саласына басымдық берілмек. Алматылықтардың орташа өмір сүру ұзақтығы республика бойынша бірінші орында тұр. Ең бастысы қалалықтардың медициналық қызметті пайдалануларына ыңғайлы жағдай жасалмақ. Қазір арнайы портал арқылы алматылықтар дәрігерге жазылып, үйге дәрігер шақырта алады. Былтыр цифрлық форматта 1 млн 300 мың қызмет көрсетілген. Енгізілген жаңа технологиялар жедел жәрдемнің науқастарға жету жылдамдығын 30 пайызға арттырған», — деді әкім.

«Көк-Жайлауда» жекеменшік коттедждер салынбайды

«Қазіргі уақытта жастар сауда орталықтарында сауда жасамайды. Интернет арқылы шетелден алдырады. Сонда саудадағы адамдар енді немен айналысады? Олар тек туризмге бару керек. Осы орайда әлеуметтік сауалнама жүргізілді. Халықтың 80 пайызы бізді қолдады. Бүгін осы жобаны талқылап, оны аяқтау мақсатында айтып отырмыз. Бірақ жобаның кемшіліктері көп болып жатса, жобаны жүзеге асырмаймыз. Тағы да айтып өтейін, жобада жекеменшік коттедждердің құрылысы жоспарланбаған. Осы жобаны дайындау кезінде Францияның белгісі компаниясын жұмылдырдық. Сондай-ақ, әлемнің 11 елінде 50 жоба дайындаған австриялық компания осы жобаға сараптама жасайды», — деді әкім.

 

News, Smart city, Өңірлер

Related Articles

0 Comment

Leave a Comment

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *