Президент Сағынтаевқа: Баяндама жақсы, бірақ өзіңе сын көзбен қарап үйрену керек

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев ескерту жасады.

Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев осы уақытқа дейін атқарылған шаралар бойынша есеп беріп, әрбір мемлекеттік бағдарламаның нәтижесін жариялады. Соның ішінде «Нұрлы жол», «Нұрлы жер», Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлек бағдарламасы және тағы басқа бастамалар бар.

Премьер-Министр баяндаманы жасап болғаннан кейін Президент: «Соңғы Жолдауды орындау бойынша не істедіңдер?», — деп сұрады.

Сұраққа жауап берген Үкімет басшысы Жолдаудың жалпыұлттық бағдараламасы қабылданғандығын айтты.

«Сондай-ақ, сала-сала көрсетілген он тапсырма бойынша жобалық кеңсе арқылы әрбір министрлікке тиісті міндеттер жүктелді. Индикаторлар қойылды. Жылдың соңына дейін тапсырмалардың барлығы орындалатын болады», — деп атап көрсетті Б.Сағынтаев.

Президент атқарылған шараларға оң баға берді. Алайда бір ескерту жасады. «Жақсы баяндадың, бірақ өзіңе деген сыни көзқарас жоқ», — деді Н.Назарбаев.

News

Related Articles

0 Comment

Leave a Comment

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *