ОҚО-да цифрландыру жобалары іске қосылды

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Асқар Жұмағалиевтің Оңтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында білім беру саласындағы жобалар іске қосылды. Облыс «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында білім беру мекемелерінде ақпараттық технологияларды енгізу жөніндегі пилоттық аймақ екені мәлім. Бұл туралы PM.KZ хабарлайды.

Осылайша, Шымкенттің фронт-офисінде педагогикалық құрамды іріктеудің автоматтандырылған жүйесі енгізілді, оның басты артықшылығы — оқу орындарына мамандарды іріктеудің ашықтығы. Сондай-ақ, жүйе әртүрлі пәндер бойынша педагогтердің жетіспеушілігінің толық көрінісін береді.

Бұдан әрі делегация С. Ерубаев атындағы №24 орта мектепті аралап, мемлекеттік мектептердің 1-сыныптарына балаларды тіркеу жүйелерінің жұмысымен танысты. Қолданысқа енгізілген электронды журналдар мен күнделіктер ата-аналарға балаларының үлгерімін бақылауға, оқу бағдарламасы мен үй тапсырмалары туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді.

Бұдан өзге, онлайн-сабақтар секілді жаңашылдықтар шалғайда орналасқан аудандардың мектептеріндегі мамандар жетіспеушілігі мәселесін шешуге жол ашады. Ендігі интернет байланысы арқылы оқушыларға сабақ  немесе мұғалімдерге семинарлар өткізуге болады.

ЖОО-ларда да оқу үдерісін автоматтандыру процесі жүзеге асырылып жатыр. Мәселен, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде студенттер электронды портал арқылы барлық оқу материалдарын, тестілер мен емтихан тапсырмаларын жүктеп алып, сабақ кестесін сол жерден қарай алады.

Оңтүстік Қазақстан облысының мектептерінде де, ЖОО-ларында да роботты техника сыныптары ашылды. Қазіргі таңда студенттер стартап-жобаларды әзірлеп жатыр.

Сонымен қатар Премьер-Министрдің орынбасары Халыққа қызмет көрсету орталығында болып, ондағы қызметтің электронды түрде қалай көрсетіліп жатқанымен танысты. Айта кету керек, осы жылдың басынан бері халыққа қызмет көрсету орталықтары 805 674 мемлекеттік қызмет көрсетсе, соның 574 319-ы электронды форматта іске асырылған.

Сапар барысында Асқар Жұмағалиев қала кәсіпорындарының бірінде енгізілген автоматтандырылған жүйемен танысты. Мұнда ақпараттық технологиялар пайдалану шығындарын 41%-ға, ал электр қуатын тұтынуды 10 есе азайтуға мүмкіндік береді.

News, Smart city, Өңірлер

Related Articles

0 Comment

Leave a Comment

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *