Ли Куан Ю: АҚШ және Еуропа туралы

Ұлы реформатор Ли Куан Юдың «Әлем болашағына менің көзқарасым» атты футурологиялық сипатта жазылған еңбегіндегі АҚШ және Еуропа туралы айтқан тұстарына көңіл бөлмекпіз. 

АҚШ

Америкалықтардың Сингапур экономикасына қатысу қарқыны көңілінен шығатынын айтқан автор бірде мынадай оқиғамен бетпе бет келгенін жазады.

«2009 жылы сөйлеген сөздерімнің бірінде Қытаймен тепе-теңдік сақтау керек дедім. Мұндағы «тепе-теңдік» сөзін қытайлар «шектеу» деп түсініпті. Интернетте мен туралы «қытай бола тұра солай айта ма екен деп жаппай қаралады. Менің байқағаным, гиперсезімтал ұрпақ өсіп келе жатыр екен. Төзімсіз, байыбына жетпей айғайға басады. Белгілі бір уақыттан кейін солар билікке келеді…»

Америкалықтардың жаңа буыны автомобиль, басқа да тауарларды өндіруді емес, интеллектуалды ақыл-ой өнімдерін шығаруға бет бұрғанын баяндайды.

Әскери қуаты жағынан бұл ел әзірге ешкімге дес бермейтінін айтқан Ли Куан Ю ҚЫТАЙ-дың әскери бюджеті АҚШ әскери бюджетінің 1/6 ғана екенін ескертіп өтеді.

ЕУРОПА

Европаның әрбір елі өзінің тілімен, мәдениетімен, өркениетімен, экономикасымен мақтана алады. Бірақ осы құндылықтардың өзіндік кедергілері бар дейді Гарри Ли. Оның айтуынша, Европаның интеграцияға ниеттенгені рас болса, ортақ қорғаныс министрлігі, ортақ қаржы министрлігі және ортақ сыртқы істер министрлігін құрмайынша интеграция кешеуілдей бермек. Бірақ оған консерватор ұлттардың құндылықтары кедергі. Европалық Одаққа мүше барлық мемлекеттің 17-сі ғана евроны пайдалануы құрлықтағы ауызбіршіліктің деңгейін көрсетеді. Интеграцияның тағы бір негізгі факторы — тіл. Наполеон да, Гитлер де (жаулағысы келсе де) Европаны біріктіргісі келді. Алайда, неміс тілін қабылдағысы келмейтін француздар оған мойынсұнбайды. Әлемдік тілге айналса да еуропалықтар ағылшын тілін пайдаланғысы келмейді. Бұл өз кезегінде шашыраңқылыққа әкеледі. Европаның кәсіподақтары мен социалистік партиялары ұлт санасына әсіресе жастарға өте жаман нәрсені сіңіріп тастаған. Мемлекет бәрін қамтамасыз ету керек. Бұл өз кезегінде тұтас бір буынның кержалқаулығына әкелді. Европа біртұтас елге айналмаса, құрлықты қиын кезеңдер күтіп тұр дейді. Мысалы 2011 жылы Швецияда жұмыссыздар 7,5% болса, Италияның жұмыссыздары халықтың 8,4% құраған. Бұл көрсеткіш Жапонияда 4,6%, Оңт.Кореяда 3,4%, ал Сингапурда 2 процент болған екен.

(Мақаланың басы өткен санда)

Кітапхана

Related Articles

0 Comment

Leave a Comment

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *