Исекешев Астана қаласының сыртқы келбетін жақсартуға тапсырма берді

Бірнеше әлеуметтік және инфрақұрылым нысандарын аралап көрген әкім нақты тапсырмалар берді. Ең бірінші әкім Шалкөде 2/1 көшесіндегі «Промышленный» тұрғын алабына ат басын бұрды. Бұл туралы Астана қалалық әкімдігінің ресми сайты хабарлайды. 

Әсет Исекешев Жолаушылар транспорты және сәулет, табиғи ресурстар басқармасына және де «Астана ӘКК» АҚ-на гүлзардың айналмалы алаңын кеңейту құрылысының жоспарын жіктеп-жіктеп жасауын тапсырды. Сондай-ақ, жылы аялдама, «1000 орын» бағдарламасы бойынша павильон, гүлзар салу үшін Шалкөде көшесінің оң жағы мен Шарбақты көшесінің қиылысындағы жер учаскелерін алуды қарастыру керектігін айтты.

Аудан әкіміне жергілікті тұрғындардан келіп түскен өтініштер бойынша көпфункционалды балалар алаңы таныстырылды. Әкім осы ретте аудандағы үйлердің алдын көркейту керектігін де еске сала кетті.

Әрі қарай аралау Қобыланды батыр мен Бурабай көшесінің қиылысындағы жол салынуы тиіс жерде жалғасын тапты. Әкім бұл жерді де аяқтауды жауапты тұлғаларға табыстады. Бұдан кейін Күйші Дина мен Абылай хан қиылысына келіп, жол құрылысын аяқтауда барлық шараны қолдану қажеттігін пысықтады. Әкім Пушкин көшесіндегі «Социум» тұрғын үй кешеніндегі көшені де жөндеу керектігін құлаққағыс ете кетті. Осы орайда, Алматы ауданы әкімінің жол басқармасы құрылысты жүзеге асыру үшін жақын арада өзінің жоспарын ұсынуы тиіс.

Бұдан соң Алаш тасжолындағы жөнсіз кеткен қалалық базарларды жауапты тұлғалар мен оның басшыларына ретке келтіруін тапсырды әрі ол жерлерге жаяу жүргіншілер жол белгісі мен автотұрақ орнын салуды тапсырып, оны қалай орындағаны жөнінде есепті күтетінін айтты.

Қысқасы, әкім берген барлық тапсырма Астана қаласының сыртқы келбетін жақсартуға, елордаға келген қонақтар мен тұрғындарының қауіпсіздігі мен жайлылығы үшін жасалынып жатыр.

News, Smart city, Өңірлер

Related Articles

0 Comment

Leave a Comment

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *