«Утраченная эпоха Просвещения» кітабы туралы

Авторы – Стивен Фредерик Старр. Евразия кеңістігі бойынша маманданған америкалық сарапшы. Біздің миымыздағы Орталық Азия (Центральная Азия) түсінігін өте ықшамдалған деп есептейді. Бізге Орта Азия (Средняя Азия) деп оқытқан байтақ даланы Орталық Азия деп сипаттайды. Және ол ұғымның тарылып қалуын Кеңестер Одағымен байланыстырады.

Бұл Сапармұрат Ниязовтың «Рухнамасы» емес, Муаммар Каддафидің теоретикалық еңбегі «Жасыл кітап» та емес. Түсі жасыл болғанымен, еңбек толықтай Орталық Азияның зияткерлік әлеуетіне арналған. Әрине ертеректегі әлеуеті хақында.

Территорияның мейілінше кеңдігін, алып кітапханалардың, қала мәдениетінің қалай қалыптасқандығын баяндайды. Европаның қайта өрлеу дәуіріне түрткі болған мысалдар келтіріледі. Мысалы, Орталық Азия кітапханаларынан европалықтардың құнды мәліметтер мен ғылыми жаңалықтардың көшірмелерін алуы.

Ол туралы неміс ғалымы Адам Мец былай деген екен:

«Гуманизм европейского Возрождения был бы невозможен без раннего рацсвета философских исследований в Центральной Азии».

Орталық Азия өркениетін Шығыс деп емес, жеке өркениет деп қарастырады десек те болады.

Әл-Бируни, әл-Хорезми, тангенс пен синустың таблицасын сызған Бузджани, әл-Бухари, философ әл-Ғазали, Саманидтер географы әл-Жайхани, Ибн Сина, Махмұд Қашғари, Руми, Фирдоуси, Омар Хаям, Ұлықбек, Ясауи сияқты тұлғалардың есімі аталады. «Бұл интеллектуалдар кімнің есебіне өмір сүрді?» деген сұрақ та қойылады. Әрине, байлар мен билеушілердің қамқорлығында болған. Тек Фирдоуси ғана демеуші таппай кеткен дейді.

Батыс елдерінің қазіргі заман ғалымдары да Орталық Азия өркениетін араб мәдениетімен шатастыратынын астын сызып атап өтеді. Алайда, араб тілі сол замандағы ақыл-ой, ғылыми, біріктіруші тіл болғанымен, түркілер мен парсы ғалымдарының еңбегін арабтарға телудің қажеті жоқтығын айтады.
Орталық азиялықтар қалаларды сумен қамтамасыз ету жұмыстарына ерекше мән береді. Сол кездегі мықты инженерлердің арқасында дамбылардың салынғанын, ауылшаруашылығы мен қалалар ешқашан судан таршылық көрмегенін баяндайды. Қаланы шайып кету қаупі бола тұра осындай қадамдарға барды, бірақ ғылыми тұрғыда жобалаудың нәтижесінде қауіп-қатер болмағанын алға тартады.

Өркениеттің интенсивті түрде дамуына ықпал еткен сауданың ролін ерекше ашып береді. «Жібек жолы» деген түсінік Қытайдан Батысқа тасымалданған жібекке қатысты қалыптасқаны белгілі. Алайда, жібекті тек қытайлар ғана емес, көп ұзамай орталық азиялықтар үйреніп, қазіргі Түрікменстанның территориясында яғни, Мерв қаласында жібек өндірісінің дамығанын дәлелдейді. Мервте еуропалықтар шарап өндірісін қалыптастырып кеткені жайлы да жазылады.

Кітапхана

Related Articles

0 Comment

Leave a Comment

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *