Ли Куан Ю: «Әлем болашағына менің көзқарасым»

Ұлы реформатордың өмірінің соңында әзірлеген бұл еңбегі футурологиялық сипатта жазылған. Яғни алдағы 20-30 жылдағы әлемдік өзгерістер туралы толғанады. Қытай, АҚШ, Европа, Жапония, Корея, Үндістан, Оңтүстік-Шығыс Азия аймағы елдеріне тереңірек тоқталған. Автордың өзі «Африка мен Латын Америкасы туралы тіпті ақпараттарды да оқымаймын. Себебі олар бізден тым қашықта жатыр» дейді.

ҚЫТАЙ

Бұл кітапта қамтылған барлық тараудағы мемлекеттер туралы айтқанда автор оларды Қытаймен тығыз байланыстырады. Қытайдың тұрақты дамуының жалғыз кепілі ретінде Ли Куан Ю «орталықтан күшті басқаруды» атап өткен. «5000 жыл бойы қытайлар ішкі және сыртқы қауіпсіздігінің кепілі – күшті орталық деп түсініп келеді. Әлсіз орталық хаосқа әкеледі. Күшті орталық қана елді тұрақты дамыта алады. Бұл әрбір қытайдың санасына сіңіп кеткен» дейді. Автор Қытай тек экономикалық тұрғыда ғана өзгермегенін, сонымен қатар елдің саяси сипаты да өзгеріп келе жатқанын тілге тиек етеді. Мысалы Мао Цзэдун мен Дэн Сяопин өздеріне мұрагер таңдай алса, ішкі саяси ахуал Ху Цзиньтаоға ондай мүмкіндік бермеді…

1978 жылы Дэн Сяопин Сингапурда іс-сапармен болады. Табиғи ресурстары жоқ арал қаланың тұрғындарының қаншалықты жақсы өмір сүріп жатқанын көрген Дэн Сяопин өте терең сұрақтар қояды. Осы кездесуде «біз бір бұрышта ешбір табиғи ресурстарсыз жатқан елміз. Сіздің мүмкіндіктеріңіз бізден де орасан. Бізден де асып түсулеріңізге мүмкіндіктеріңіз бар» деген Ли Куан Юдің әңгімесін басқа тақырыпқа бұрып жіберген екен Дэн Сяопин.

«Дамудың өзегі экономиканың ашықтығы екенін түсінген Қытай лидері осы сапарынан кейін, сингапурлік модель негізінде 6 ерекше экономикалық аймақ құрған. Осы аймақ тұтас Қытайды әлемге ашты дейді. Сосын Дүниежүзілік сауда ұйымына енген.

Мен 2015 жылы Қытай еліне барғанымда Шэньжень деген қаласында болдым. 1980 жылға дейін балықшылардың ауылы болған елді мекен бүгінде адам танымастай өзгерген. Қазір Гонконг, Сингапур стиліндегі алып шаһар. 16 млн халық тұрады. Ақпараттық технологияларды осы қалада дамытып отырған Қытайдың ZTE компаниясының бас ғимаратында болған едік. Міне, осы Шэньжень Дэн Сяопин құрған экономикалық зоналарға енген болатын.

Гарри Ли былай деп жазады: «Бірде Дэн Сяопин өзінің министрін бізге жіберіп, сингапурлік заңдарды сұратты. Мен оларға «сіздер мұндай заңды қабылдап, оны жүзеге асыру үшін сот билігін күшейтулеріңіз керек» дедім. Алайда айтқанынан қайтпаған министрге заңдарымызды бердік. Бірақ оны Қытай жүзеге асыра алмады. Себебі, оларда заң салтанат құрмаған. У них существует верховенство правителя. Что паравитель говорит, то и закон».

Ли Куан Ю өзі билік құрған ғасырдың ең ұлы саяси тұлғасы ретінде Дэн Сяопинді атайды. Айтпақшы бұл екі тұлға да Хакка деген субэтносынан тарайды. Бірақ бұл екеуі де туғаны жоқ тура билер ғой…

Си Цзинпин екеуі еретеректе кездескен екен. Қытайдың қазіргі төрағасын аналитикалық ойлау қабілетке ие адам ретінде суреттейді. Автор Қытайдың экономикалық жылдам өсімі белгілі бір уақыт арзан жұмыс күшінің арқасында жалғасатынын жазады. Осы арзан күші елдің 15-20 жыл бойына

7-9% өсімін қамтамасыз ете алады. Одан әрі қарай еңбек өнімділігіне байланысты болмақ.

Қытайдың саяси жүйесі тамыр-таныстыққа негізделген. Оны жою мүмкін емес, себебі олардың саяси мәдениеті ғасырлар бойы солай қалыптасқан. Тіпті Қытайдың алғыр студенттері Батыстың іргелі оқу орындарында оқып жатса да, олар бұл жүйені өзгерте алмайды. Неге? Себебі олар оқу бітіріп келген соң төменгі қызметтен бастайды. Ал олар басшы болғанша жүйе әбден езгілеп тастайды да, өзінің бұрынғы басшысы сияқты болады да қалады.

(Жалғасы бар)

Кітапхана

Related Articles

0 Comment

Leave a Comment

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *