«Қиырдағы қазақтар». Шетелдегі қазақтардың өмірі жайлы деректі фильм таныстырылды

«Qazkontent» АҚ Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің қолдауымен Моңғолияда тұрып жатқан қазақтардың күнделікті өмірі жайлы, тарихы, мәдениеті және құндылықтары жайлы «Қиырдағы қазақтар» фильмінің бірінші сериясын таныстырды.

«Сіздердің айтып отырғандарыңыз дұрыс. Бұл фильмнің көркемдік мәні ғана емес, терең мағынасы да бар. Жоба Мемлекет басшысының «Рухани Жаңғыру» бағдарламасының арқасында жүзеге асырылды. Сондай-ақ, біздің ойымызша, бұл жобаның бастауы ғана. Қазіргі уақытта шамамен 5 миллион отандасымыздың шетелде өмір сүріп жатқанын білеміз. Олар үшін бұл жоба аса маңызды», — деді ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев.

Айта кетейік, деректі фильмнің мақсаты — шетелдерде тұрып жатқан қазақтардың тыныс-тіршілігін көрсету. Команда үлкен жұмыс атқарды. Түсірілім тобы отандастарымыздың шетелде қалай тұрып жатқандарын өз көздерімен көрді. Фильмнің түсірілімдері Астраханда (Ресей), Ұланбатырда (Моңғолия), Ташкентте (Өзбекстан) және Душанбеде (Тәжікстан) өтті.

Foreign kazakh, News

Related Articles

0 Comment

Leave a Comment

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *