Астанада жер мәселесін талқылауға қатыстан белсенділер бір тоқтамға келе алмады

Бүгін Астанада Мәжіліс депутаттары, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі өкілдері мен азаматтық белсенділер жер мәселесін талқылауға жиналды. Отырысқа төрағалық еткен экономист, қоғам белсендісі Мұхтар Тайжан алғашқы сөз кезегін саясаткер, өлкетанушы Сағат Жүсіпке беріп, отырысты ашып беруін өтінді.
Отырыстың алғысөзін алған ардагер өлкетанушы Сағат Жүсіп жер мәселесін эмоцияға берілмей, митингке шығып дүрбелең салмай, өркениетті түрде осындай отырыста шешуге шақырды. Алайда, 4 сағатқа созылған талқылауда отырысқа жиналған азаматтар бір шешімге келе алған жоқ.
Талқылауда алғашқы болып ауыл шаруашылығы вице-министрі Ерлан Нысанбаев баяндама жасады. Вице-министр заң жобасы төрт сұрақ шеңберінде дайындалғанын айтты. Оның сөзінше, заң жобасында «жерді шетелдіктерге жалға беретін бір де бір норма қарастырылмаған. «Құрамында шетелдіктердің қандай да бір үлесі бар қазақстандық компаниялар мен ұйымдарға ауыл шаруашылығы жері жалға берілмейді» деді Ерлан Нысанбаев заң жобасы жайлы.
Жер мәселесі кезінде белсенділік танытқан кейбір азаматтардың әлі күнге дейін қудаланып жатқаны туралы да сөз болды. Отырысқа қатысқан азаматтық белсенді Айдын Егеубаев пен заңгер Айгүл Орынбек қудаланып жатқан азаматтар туралы айтып өтті.
Бұдан соң мәжіліс депутаты Берік Оспанов «парламент жер туралы заңды бір жақты түрде қабылдап тастады» деген әңгіме туындамасын деп жер мәселесі қоғамдық талқылауға шығарылғанын айтты.
Отырыстың толық нұсқасын мына сілтемеден көре аласыздар.
News, Сұхbattle

Related Articles

0 Comment

Leave a Comment

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *