Қырымбек халқын «ұйықтатып» алды

14 ақпан күні Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев 2017 жылды қорытындылап, халық алдында есеп берді. Н.Бекежанов атындағы облыстық драма театрдың ғимаратында өткен жиынға облыс халқынан бөлек ҚР ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов және партиядан бақылаушы «Нұр Отан» партиясының хатшысы Ғабидолла Әбдірахымов қатысты.

Сағат 11:00-де басталған жиын 2,5 сағатқа созылған. Қырымбек Елеуұлы өңірдің әлеуметтік-экономикалық жетістіктерін, Қызылордаға салынған инвестициялар туралы және өзге де табыстарын айтып жатты. Мұнан кейін ақсақалдар сөз алып, әкімге сұрақ қойды, әкім барлығына жауап қайтарды. Ал, кезек жастарға келгенде ақсақалдардың бірі оларды тоқтатып қойып, уақытты ұстамауын сұрап, сұрақ қоюға келген жас жігіттерді кері қайтарған.

Есептік кездесу жыл сайын дәстүрге айналған шаралардың бірі. Мұнда облыс басшылары өткен жылды қорытындылап, алдағы жылдың міндеттері туралы халыққа кеңінен әңгімелейді. Алайда, Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Елеуұлы тек 2017 жылды ғана емес, облысты өзі басқарған 5 жылды қорытындылаған. Сол себепті театр ғимаратына жиналған жұрттың дені қалғып-мүлгіп, маңызды жиынның көп бөлігін ұйқымен өткізген. Оның арасында бас партияның хатшысы Ғабидолла Әбдірахымов та бар. Бұған куә ретінде newtimes.kz сайтында жарияланған фотоларды ұсынамыз.

Айтпақшы, жақында ғана Үкіметтік кеңейтілген отырысында Елбасы Қырымбек Көшербаевтың баяндамасын мақтап, басқа әкімдерге үлгі қылған.

 

 

News, Өңірлер, Фоторепортаж

Related Articles

0 Comment

Leave a Comment

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *