Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Синоптиктер 2019 жылғы 15-17 маусымға арналған ауа райы болжамын жария етті, — деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.

Маусымның ортасы болса да, республикамыздың солтүстік жартысында ауа райы мамыр айындағыдай. Бұл облыстарда алдағы демалыс күндерінде найзағаймен жаңбыр және күндізгі ауа температурасы плюс 10…20 градус шамасында күтіледі. Мұндай ауа райы Қазақстанға Баренц теңізі аймағынан үздіксіз ағылып жатқан суық ауа массалар ағынымен және суық арктикалық фронтпен байланысты», — делінген болжамда.

Сондықтан, мамандардың айтуынша, республиканың басқа аймақтарында да тұрақсыз ауа райы, найзағаймен жаңбыр күтіледі, бірақ мұнда жылы. Батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыста, жаңбырға қарамастан, күндіз ауа 25…33 дейін жылиды, ал Маңғыстау облысында жауын-шашынсыз және 30…39 градусқа дейін ыстық болады екен.

News

Related Articles

0 Comment

Leave a Comment

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *