Трұмов Маңғыстау облысының әкімі қызметіне тағайындалды

Серікбай Трұмов Маңғыстау облысының әкімі қызметіне тағайындалды, — деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі.

«Серікбай Өтелгенұлы Трұмов Маңғыстау облысының әкімі болып тағайындалсын», — делінген Жарлықта.

Серікбай Өтелгенұлы Трұмов 1964 жылдың 3 маусымында Маңғыстау облысы Форт-Шевченко қаласында дүниеге келген. 1992 жылы инженер- құрылысшы мамандығы бойынша В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын тәмамдаған.

Трұмов 2015 жылдан бері Ақтау әкімі болған. Ал 2017 жылдың 31 қазанынан облыс мәслихатының депутаты болып сайланған.

Бұған дейін облыс әкімі қызметінде Ералы Тоғжанов болған еді.

News

Related Articles

0 Comment

Leave a Comment

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *