ҚР Үкіметінде бірқатар кадрлық өзгерістер жасалды

Мадина Әбілқасымова ұлттық экономика бірінші вице-министрі болып тағайындалды. Бұл туралы премьер-министрдің сайтында жарияланды.

«ҚР Үкіметінің Қаулысымен Әбілқасымова Мәдина Ерасылқызы ҚР ұлттық экономика бірінші вице-министрі болып тағайындалды», — делінген үкіметтің сайтында.

Әсет Ирғалиев ҚР премьер-министрінің Кеңсесі басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды.

«ҚР Үкіметінің қаулысымен Әсет Арманұлы Ирғалиев ұлттық экономика вице-министрі лауазымынан босатылып, премьер-министрдің өкімімен ҚР премьер-министрінің Кеңсесі басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды», — делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Арман Қайратұлы Евниев берген өтінішіне сәйкес ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі лауазымынан босатылды.

Сондай-ақ, ҚР Үкіметінің қаулысымен Берік Тұрсынбекұлы Бейсенғалиев берген өтінішіне сәйкес ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен босатылды.

News

Related Articles

0 Comment

Leave a Comment

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *