Леңгір және Үшарал қалаларында 5 адамға иіс тиіп қайтыс болды

Еліміздің екі облысында тағы да иіс тиіп, қайтыс болу деректері тіркелді. Қайғылы оқиға салдарынан бес адам қаза тапты, тағы алты адам ауруханаға жеткізілді.

Түркістан облысында 4 адам иіс тиіп қайтыс болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметке сілтеме жасап.

Оқиға 1 наурызда Леңгір қаласында болған. Төртқабатты үйдің екі пәтерінде 4 адам табиғи газдан уланып, мерт болды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Үшаралда жеке үйде жеті адам иіс тиіп, уланды. Бір адам қайтыс болды, алтауы ауруханаға жеткізілді.

«2 наурызда таңертең Алматы облысы Алакөл ауданы Үшарал қаласында жеке тұрғын үйде отынмен жылытылатын пештің ақаулығына байланысты 7 адам, оның ішінде 2013 және 2018 жылдары туылған екі бала иіс тиіп уланды. Жедел жәрдем каретасында 1962 жылғы ер адам көз жұмды, қалған 6 адам ауруханаға жеткізілді», — делінген ТЖ комитетінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Төтенше жағдайлар комитетінің өкілдері тұрғындарды жылыту пештерін пайдалану ережелерін сақтауға шақырады, оларды сақтамау улы газбен улануға әкеп соғуы мүмкін.

«Пешпен жылытуды пайдалану кезінде мындай нәрсеге жол берілмеуі керек:

1) жанып жатқан пешті қараусыз қалдыру;

2) жағу үшін дайындалған отынды, сондай-ақ басқа да жанғыш заттар мен материалдарды өрт алдында орналастыруға;

3) қатты отынмен пештерді жағу үшін тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды қолдану;

4) пештерді пайдалану жөніндегі нұсқаулықтарда көзделмеген жанғыш заттарды (қатты, сұйық, газ тәрізді) отын ретінде қолдануға;

5) үй-жайларда адамдар жаппай болатын іс-шаралар кезінде пешті жағу;

6) пешті пайдалану жөніндегі нұсқаулықтарда белгіленген уақыттан артық жағу;

7) жанғыш заттар мен материалдарды (аяқ киім, киім, отын) пештің және түтін мұржасының бетінен 0,5 метрден кем қашықтықта кептіруге болмайды».

News

Related Articles

0 Comment

Leave a Comment

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *