Өмірзақ Шүкеев © Азаттық радиосы

Бұрын-соңды мұндай қаражаттың бөлінгенін көрмеппін — Түркістан облысының жаңа әкімі

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шүкеев Президенттің ауылдарды қолдау мақсатында берген тапсырмасына қуанышты екенін мәлімдеді, себебі ол басқаратын өңірдің көп бөлігі ауылды жерлер, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Біз әр отбасының немен күн көріп отырғанын білуіміз керек және бұл мүмкін шара. Түркістан облысының көп бөлігі — ауылды жерлер. Ауылды округта әкім әр тұрғынын білуі тиіс — қалай өмір сүреді және неге мұқтаж. Мекен-жай бойынша әлеуметтік көмекпен ғана отырмай, жай ғана көмек көрсету керек. Менің ойымша, бұл барлығына түсінікті жұмыс, халыққа жақын болу», — деді Шүкеев өзінің тағайындалуы жайлы.

Әсіресе, ол Президенттің мемлекеттік қызметкерлер мен бюджеттік қызметкерлердің жалақысы, көп балалы отбасыларды қолдау және ауылдық жерлер мен жергілікті жолдарды дамытуға қаражат бөлу саласындағы тапсырмаларын атап өтті.

«Бұл әрбір отбасының айтатыны. Орасан зор қаражат бөлініп жатыр. Мен мұндай соманың бөлінгенін бұрын соңды көрген емеспін — екі триллион теңгеден асады. Егер сіз қазір облыстар, аймақтар бойынша бөлсеңіз, өте қомақты сома шығады. Көптеген іс атқаруға болады. Мен бұл тәжірибені білемін. Кезінде Оңтүстік Қазақстан облысында әр ауданға 200 миллион теңге бөлдік. Осы 200 миллионға ауылда көп нәрсе жасауға болады — ауруханалар, жолдар, спорт сарайы — бәрін жасауға болады», — деп түйіндеді ол.

Айта кетейік, 27 ақпанда Шүкеев Түркістан облысының әкімі болып тағайындалды. Осыған дейін ол премьер-министрдің бірінші орынбасары, ауылшаруашылық министрі қызметтерін атқарды.

Бұрындары ол Қостанай облысы, Астана қаласы және Оңтүстік Қазақстан облыстарының әкімі болды.

photo by  © Азаттық радиосы

News

Related Articles

0 Comment

Leave a Comment

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *