Шүкеев Түркістан облысының әкімі болып тағайындалды

Өмірзақ Шөкеев Түркістан облысының әкімі болып тағайындалды, — деп хабарлайды Ақорда сайты.

«Өмірзақ Естайұлы Шөкеев Түркістан облысының әкімі болып тағайындалсын», — делінген Жарлықта.

Өмірзақ Естайұлы Шүкеев 53 жаста. Түркістан қаласында дүниеге келген. Ол Мәскеу экономикалық-статистикалық институтын бітірген. Институтты бітіргеннен кейін ҚазКСР Мемлекеттік жоспарлау жанындағы АӘК ҒЗИ кіші ғылыми қызметкері; ҚР Президенті жанындағы Жоғары экономикалық кеңестің кеңесшісі; ҚР Президенті Аппараты мен Министрлер Кабинеті Қаржы және еңбек бөлімі меңгерушісінің орынбасары; ОҚО әкімшілігі басшысының орынбасары. Әр жылдары ҚР Экономика министрі; ҚР Экономика және сауда министрі; ҚР премьер-министрінің орынбасары; «Банк Туран-Әлем» ЖАҚ Басқарма төрағасы болды»; ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары қызметтерін атқарды.

Әр жылдары Қостанай облысының әкімі, Астана қаласының әкімі және Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі болды. 2007 жылдың тамыз айында Шүкеев Қазақстан премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалды. 2011 жылдан бастап 2017 жылға дейін «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорын (ҰӘҚ) басқарды.

News

Related Articles

0 Comment

Leave a Comment

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *