Елбасы: «Бақытжан Сағынтаев — адал әрі тәжірибелі азамат»

Қазақстан Президенті Парламент Мәжілісінің депутаттарына арналған сөзінде бұрынғы Үкіметтің жаһандық дамудың күрделі жағдайына қарамастан экономиканың өсімін сақтауға күш салғанын атап өтіп, Үкімет мүшелеріне атқарған жұмысы үшін ризашылық білдірді.

«Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев туралы арнайы айтқым келеді. Ол бұған дейін Павлодар облысының әкімі, экономика министрі, вице-премьер, бірінші вице-премьер лауазымдарын лайықты атқарып, өзін жақсы қырынан көрсетті. Бақытжан Сағынтаев – адал әрі тәжірибелі азамат. Ол басқа да салаларда қызмет ете алады. Бірақ, жекелеген министрліктердің, әсіресе әлеуметтік саладағы ведомстволардың, жұмысындағы олқылықтар бүкіл Үкіметтің отставкаға кетуіне әкеп соқтырды», — деді Елбасы.

P.S. Естеріңізге сала кетейік, осыдан 4 күн бұрын Елбасы мәлімдеме жасап, Үкіметті отставкаға жіберген еді.

News, Күн келбеті

Related Articles

0 Comment

Leave a Comment

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *