Қазақстан елдердің өркендеу рейтингісінде 72 орынға жайғасты

Қазақстан елдердің өркендеуі халықаралық рейтингісінде 11-позицияға көтеріліп, 72-орынға ие болды, деп хабарлады LS.

The Legatum Prosperity Index–не сәйкес, елдің ең жақсы көрсеткіші – білім беру саласында (35-орын). Ал ең төменгі көрсеткіш – жеке бас бостандығы (128 орын). Елдің экономикалық сапасы  46-орында, іскерлік ортада-53-орын.  Мемлекеттік басқару – 99-орын, денсаулық сақтау  – 60-орын, елді қорғау мен қауіпсіздік көрсеткіштері –  55-орын, әлеуметтік капитал – 85-орын, экология – 95–орын.

Жалпы рейтингте Қазақстан Қырғыстанды (82-орын), Қытайды (90-орын) және Ресейді  (101-орын) басып озды.  Сондай-ақ, Армения (96-орын) мен Беларусті де (95-орын).

Ал үздік елдердің қатарына Норвегия, Жаңа Зеландия және Финляндия кірді. Ал рейтингтің ең соңында Судан(147-орын), Орталық Африка Республикасы(148-орын) және Иемен(149-орын) орналасты.

Рейтинг

Related Articles

0 Comment

Leave a Comment

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *