Астанада Қытайдың ең ірі коммерциялық банкі ашылады

2018 жылы 4 мамырда Астанада әлемнің ең ірі коммерциялық банктерінің бірі  — Industrial  and  Commercial Bank of China (ICBC) банкінің тұсаукесері өтеді.

Тұсаукесерде банк жетекшілері қатысушыларды ICBC банкінің даму тарихымен және банк қызметінің негізгі бағыттарымен таныстырып, сонымен қатар банктің Қазақстандағы даму келешегі туралы айтып береді.

Жиынға Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары Досаев Ерболат Асқарбекұлы, ICBC президенті Гу Шу, Қазақстан Республикасындағы Қытай Халық Республикасының төтенше және уәкілетті елшісі Чжан Ханьхуэйқаты қатысады.

Айта кетсек, Industrial and Commercial Bank of China (қысқаша ICBC, қазақша — Қытай өнеркәсіптік және коммерциялық банкі) — Қытайдағы ең ірі коммерциялық банк. Қытай мемлекетінің ең ірі «Үлкен төрттігіне» кіреді (Bank of China, Agricultural Bank ofChina және China Construction Bank қатарында). Банк 1984 жылы құрылған.

Қазақстанда ICBC 1993 жылы Алматыда ашылды. Кейінірек, банк қайта құрылып, атауы «Алматы қаласындағы Қытай Сауда-өнеркәсіп банкі» АҚ болып өзгертілді, акциялар пакеті ICBC банкіне тиесілі болды. Ол депозит, несие, ақша аударымдары, валюта айырбастау, халықаралық есеп айырысу, аккредитивтер, кепілдік беру, интернет-банкинг, төлем карталары (несиелік және дебеттік карталар) қызметтері мен басқа да қызметтер көрсетеді.

News, Экономика

Related Articles

0 Comment

Leave a Comment

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *