«Казкоммерцбанк» қызметкерлері депозиттерден 242,6 млн теңге ақша ұрлаған

Семей қаласының №2 соты «Казкоммерцбанк» АҚ бұрынғы қызметкерлеріне қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Іс материалдарына сай, банктің қызметкерлері алдын-ала топ құрып, касса қызметкерлерінің көмегімен жалған есептік кассалық ордерлерді әзірлеу арқылы банк депозиттерінен ақша шешіп отырған.

«Сотталушылар «Қазкоммерцбанк» АҚ табыскерлерінің депозиттік шоттарынан 242 682 004,89 теңге көлемінде ақша ұрлағандары үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Олардың қылмыстық әрекеттерінен 54 адам жапа шеккен», — делінген хабарламада.

Сот үкімімен олар ҚР ҚК 189-бабының 4-бөлігі 2-тармағы, 385-бабының 2-бөлігі, 58-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, екеуі 7 жылға, ал біреуі 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Олар өмір бойына банк саласында лауазымдық қызмет атқару құқықтарынан айырылды. Сотталғандар жазасын қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтейтін болды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

News, Күн келбеті, Өңірлер

Related Articles

0 Comment

Leave a Comment

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *