Назарбаев Армения халқына басу айтты

Нұрсұлтан Назарбаев Армения республикасының Президенті Армен Саркисянмен телефон арқылы сөйлесті, — деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекеттер басшылары әңгімелесу барысында Армениядағы қазіргі ішкі саяси ахуал жөнінде пікір алмасты.

Нұрсұлтан Назарбаев достас Армения халқына бейбіт өмір мен тыныштық тілеп, барлық мүдделі тараптың туындаған саяси дағдарысты Армения Конституциясына сәйкес және заң үстемдігі негізінде диалог арқылы шешуінің маңызды екенін атап өтті.

Телефон арқылы сөйлесуге Армения жағы бастамашы болғаны айтылады.

Еске салайық, Серж Саргсян Армениядағы он күнге созылған наразылық акцияларына бйланысты дүйсенбіде отставкаға кеткен еді. Президент Саркисян министрлер кабинетінің отставкасын қабылдады.

Елді 2008 жылдан бері басқарып келе жатқан Саргсянды Армения премьері етіп тағайындауға қарсылық 13 сәуірде басталған. Жаңа парлементтік республика (9 ақпаннан бастап) заңдары бойынша елді премьер басқарады. Оппозиция Саргсянды экономикалық жағдайдың нашарлауына әкелді деп айыптап, 17 сәуірде «барқыт төңкерісі» басталғанын мәлімдеген. Жалпы наразылыққа қарамастан, Армения парламенті 17 сәуірде Саргсянды үкімет басшысы етіп тағайындаған болатын.

News, Күн келбеті

Related Articles

1 Comment

One Reply to “Назарбаев Армения халқына басу айтты”
  1. Армения елінде мұндай шудың болып жатқаны әрине қиын. Бауырлас ел болған соң бей-жәй қарай алмаймыз.

Leave a Comment

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *