Б.Сағынтаев Ө.Шөкеевке: Елбасының алдында ұят болып жүрмесін

Бүгін премьер-министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында етті мал шаруашылығын дамытудың 2018–2027 жылдарға арналған бағдарламасының тұжырымдамасы таныстырылды.

Үкімет басшысы өткен жылы Ауыл шаруашылығы министрлігі ет экспорты көлемін ұлғайту туралы міндетін ойдағыдай орындай алмағанын, сондай-ақ, бағдарламаны жүзеге асыруды қадағалауды вице-премьер, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеевке тапсырды.

«2010-2016 жылдары біз 60 мың тонна сиыр етін экспорттайтынымыз дедік, бірақ біз оны жүзеге асыра алмағанымыз ешкімге құпия емес. 2016 жылы экспортқа тек 6,8 мың тонна ет жөнелтілді, ал 2017 жылы тек 5 мың тонна», — деді Сағынтаев.

Үкімет басшысының айтуынша, бұл іске Мемлекет басшысы өзі араласып, Қытай және БАӘ елдеріне қой етін экспорттауға мүмкіндік туған.

«Жыл соңына дейін бұл межені бағындырып, экспорт көлемін ұлғайтамыз деп ойлаймын. Алдымызда үлкен міндеттер тұр. Өмірзақ Естайұлы, бәрін қадағалаңыз, ертең халық пен Елбасының алдында ұят болып жүрмесін», — деді премьер-министр.

photo: sputniknews.kz

News, Күн келбеті

Related Articles

0 Comment

Leave a Comment

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *