«7-20-25» бағдарламасы бойынша ипотека екінші жартыжылдықтан бастап беріледі

ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек «7-20-25» бағдарламасы бойынша ипотека екінші жартыжылдықтан бастап берілетінін айтты.

«Ұлттық банк бір-екі ай ішінде «7-20-25″ бағдарламасын бекітеді. Екінші жартыжылдықтан бастап ипотека бере бастайды», — деді министр.

Қасымбек «Нұрлы жер» мен «7-20-25» бағдарламалары бір-біріне кедергі жасамайтынын атап өтті.

Оқи отырыңыз: «Нұрлы жерге» өзгеріс енеді

«Нұрлы жерге» өзгерістер енгізіліп жатыр. Бұл ең алдымен жаңа «7-20-25» бағдарламаның енгізілуімен қосымша инфрақұрылымның қажеттілігіне байланысты. «Нұрлы жер» жұмысын жалғастырады. Жеке тұрғын үй құрылысы, арендалық, кредиттік үй. Құрылыс салушылар бойынша пайызды субсидиялау секілді тетіктер қалады», — деді министр.

News, Күн келбеті

Related Articles

0 Comment

Leave a Comment

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *