Армения қорғаныс министрлігі шеруге қосылған әскерилерді айыптады

Арменияның қорғаныс министрлігі «23 сәуір күні Ереванда өткен шеруге қатысқан бітімгерлік бригадасының әскерилерін қатаң айыптайтыны туралы» ақпарат таратты.

Қорғаныс министрлігінің мәлімдемесіне сәйкес әскерилердің шеруге шығуы ел конституциясына, әскери борыш өтеуге қатысты заңдар мен әскери жарлыққа қайшы келеді.

Оқи отырыңыз: Серж Саргсян отставкаға кетті

«Әскерилердің әрекеті әскери бөлімшеде болу тәртібін бұзудан басқа өз еріктерімен бөлімшеден кетіп қалу арқылы міндеттерін өтеуден бас тарту болып саналады. Бұл жайында заңдық тұрғыда қажетті құзырлы органдарға хабарланды. Шеруге қатысқан әскерилер қорғаныс күштерінің саяси процестерге араласпауы қажеттігін ескермей, демократияның негізгі принципін де бұзып отыр. Бұл мәселе шараны ұйымдастырушыларды да ойландыруы керек» деп жазылған хабараламада.

Дүйсенбі күні Ереван көшелеріндегі демонстранттарға екі жүзге жуық әскери киімдегі жауынгер қосылған. Олардың қатарында қолына Армения туын ұстаған егде жастағы офицер де болды.

Дереккөз: Азаттық

News

Related Articles

0 Comment

Leave a Comment

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *