26 жасында вице-министр, 36 жасында министр болған

Бүгін бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың туған күні. Ол 1980 жылы 11 сәуірде Қызылорда қаласында дүниеге келген. Әкесі Уәлихан Бішімбаев ол кезде Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтының Қызылордадағы филиалы директоры, ал 1990 жылдардың соңы мен 2000 жылдардың басында Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы Жамбыл (Тараз) университеті ректоры болған.

Қуандық Бишімбаев орта мектепті 15 жасында тәмамдап үлгерген. 1990 жылы Алматыдағы қазақ мемлекеттік басқару академиясын, ал екі жылдан кейін Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы Тараз университеті мен АҚШ-тағы Джордж Вашингтон атындағы университетін «Болашақ» бағдарламасы бойынша қатар бітірген. 2016 жылдың аяғында жергілікті баспасөз Бишімбаевтың қос дипломды бір уақытта қатар алуына назар аударып, дәл сол тұста әкесі Тараздағы университет ректоры болғанын меңзеп жазған.

Қуандық Бишімбаев «Болашақ» бағдарламасының ең жоғары лауазымды түлегіне айналды. Ол сонымен қатар саксофон және фортепианода ойнайтын сирек шенеуніктердің бірі болатын. Көпшілік оның осы қырын байқап, ең жас әрі талантты министр ретінде «Болашақ Өмірзақ Шөкеев» деп баға берді.  

Қуандық Бишімбаев 26 жасында индустрия және сауда вице-министрі болып үлгерді. Ол 2013 жылы «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингін басқарған. Бишімбаев 2016 жылғы мамырдың 6-сынан желтоқсанның 28-іне дейін ұлттық экономика министрі қызметін алты айдан аса атқарды. Оның жұлдызды шағы және күрт өрлеген карьерасы осы арада үзілді.

2018 жылдың 14 наурызында Сот үкімі бойынша бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев мүлкінің тәркіленуімен 10 жылға сотталып, сонымен қатар өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды.

2017 жылдың 10 қаңтарында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюро бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ұсталғанын хабарлаған болатын. Ұлттық бюродан мәлім еткендей, ол бірқатар адаммен алдын ала келісіп, ірі көлемде бірнеше мәрте пара алды депайыпталған.

Экс-министр Астанада Сот алдында соңғы сөзін айтып, өзіне тағылған айыптардың ешқайсысымен келіспейтінін айтты. Қуандық Бишімбаев тура 1 сағат, 15 минут сөйлеп, соңғы сөзін «Мен ешқандай пара алған жоқпын. Құрметті сот, мені ақтауды сұраймын», — деп аяқтады. 

«Мен өз елімнің патриоты екенімді жақсы білемін. Сондықтан жұмыс бабында мемлекет мүддесін ойлап, Ұлт көшбасшысы, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қойған мақсат-міндеттерді орындауға тырыстым. Мен «Болашақ» бағдарламасы бойынша АҚШ-та тамаша білім алып келдім. Сол үшін өз еліме, Мемлекет басшысына шексіз алғысымды айтамын. Қай жерде істесем де, елімізге, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа пайдалы болуға тырыстым. Менің отбасым да солай тәрбиеледі. Ел мүддесіне деген адалдық, Мемлекет басшысына деген адалдық — маған берілген тәрбиенің басты өзегі. Менің атам, әкем, анам өмірінің басым бөлігін Отанына, ғылым мен білімді дамытуға арнады. Олар мені білімге, еңбекке адал болуға үйретті. Ал менің барлық жетістіктерім «Болашақ» бағдарламасы аясында алған білім мен қажырлы еңбектің арқасы», — деді Қ.Бишімбаев.

Экс-министр соңғы сөзінде мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтан тағы бір мәрте кешірім сұрады.

News, Күн келбеті, Саяси портрет

Related Articles

0 Comment

Leave a Comment

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *