Түймебаевтың жаңа орынбасары тағайындалды

«ҚР Президент Әкімшілігі келісім бойынша, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың өкімімен Ербол Қуанышұлы Тасжүреков облыс әкімінің орынбасары болып тағайындалды», — деп хабарлайды ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметі.

Бүгін облыс басшысы Жансейіт Түймебаев жаңа орынбасарын ОҚО әкімдігі аппаратына таныстырды.

Ербол Тасжүреков 1979 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін және ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын, сондай-ақ, «Болашақ» халықаралық бағдарламасы бойынша Францияда оқып бітірген.

2016 жылдан бастап ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Инвестиция комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарып келген.

News, Өңірлер

Related Articles

0 Comment

Leave a Comment

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *