Ел қазынасына бір жарым триллион теңгеден астам салық түсті

Осы жылдың алғашқы үш айында мемлекеттік бюджет жоспарланған көлемнен 101 миллиардқа артық толды. Бүгін бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Мәди Такиев мәлімдеді. Бұл үрдіс былтырдан бері жалғасып келеді. 2017 жылы салық түсімдерінің көлемі 8 трлн 812 млрд теңгені құрады. Есесіне өткен жылы Қазақстанда салық жүктемесі 45 пайызға азайса, осы саладағы тексерістер 25 пайызға төмендеген.

Мәди Такиев, ҚР ҚМ МК комитеті төрағасының орынбасары:

– Салық кодексі аясында жүктемені төмендету шаралары қарастырылған. Нақтырақ айтсақ, жоспардан тыс тексерістерді белгілеуге арналған негіздер азайды. Бұрын оның 32 түрі болса, қазір ол 12. Заңды тұлғаларға аудит жүргізу немесе жеке кәсіпкерлік қызметін тоқтату үшін қолайлы жағдайлар жасалды

News, Экономика

Related Articles

0 Comment

Leave a Comment

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *