Кемерова оқиғасынан кейінгі дабыл: Қазақстандағы 75 ойын-сауық нысанының үшеуі ғана қауіпсіз

ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті жүргізген ауқымды тексерудің нәтижесінде 1 аптаның ішінде 75 нысан тексеріліп, оның тек үшеуінен ғана бұзушылық анықталмаған. Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында аталмыш ведомствоның төрағасы генерал-майор Владимир Беккер мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

«Еліміздегі ойын-сауық орталықтары мен ірі сауда дүкендерін бір аптадағы тексерісі бойынша алдын ала ақпаратты ұсынамыз. Премьер-Министрдің тапсырмасы негізінде барлық ірі ойын-сауық орталықтарын ауқымды түрде тексеру жұмыстары басталып кеткен болатын. Өткен аптаның дүйсенбісінде 207 тексеріс жұмысы басталса, қазіргі дейін (6 сәуірдегі жағдай бойынша) 308  тексеру жүргізілді. Яғни, бір аптаның ішінде 75 нысанды тексеру жұмысы аяқталды. Тексерілген нысандарда 1 мыңнан астам бұзушылық (1037) анықталды. Бұзушылықтар тек 3 нысанда анықталған жоқ. Олар: Қарағанды облысының Шахтинск қаласындағы 2 базар және Қостанай облысының Қарабалық ауданындағы «Делюкс» СО», — дейді Беккер.

Комитет төрағасының айтуына қарағанда, тексеріс қортындысы бойынша 72 заңды және жеке тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

«Жалпы алғанда ойын-сауық нысандарынан бұзушылықтардың барлық түрлері анықталды. Бұл — эвакуациялық шығу есігінің жабық болуы, өрт дабыл белгісінің жұмыс істемеуі, автоматты түрде өрт сөндіру жүйесінің жұмыс істемеуі, эвакуация жолдарының қоқысқа толып қалуы, эвакуация жолына арналған орында сауда нүктелерінің орналастырылуы және тағы басқалар. Демек, белгілі бір нысандағы бұзушылықтардың саны 3-тен 30-ға дейін жетіп отыр», — дейді ол.

Жағдайды бақылап, шынайы тексерісті қамтамасыз ету үшін ТЖК келесі қадамға барып отыр. Яғни комитет сайтында «Мұнда қауіпсіз емес» атты рубрика орналастырылған. Барлық тексеру құжаттары аталмыш рубрикада жарияланатын болады.

Тексеріс нәтижесінде салынған айыппұлдың жалпы мөлшері 1 миллион 193 мың теңгені құраған.

News, Smart city, Өңірлер

Related Articles

0 Comment

Leave a Comment

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *