Әскери ұшқыштар жалақының аздығынан «Эйр Астана», «Скат» сияқты әуе компанияларға ауысып жатыр

Бүгін Парламент мәжілісінде әскери білім беруді дамыту тақырыбындағы үкімет сағатында ҚР қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов ұшқыштардың жалақысы аз екенін мәлімдеді. 

Министр әскери ұшқыштар жалақысының аздығынан «Эйр Астана», «Скат» сияқты әуе компанияларына ауысып жатқанын тілге тиек етті. Былтыр 25 әскери ұшқыш айлығына көңілі толмай, жұмыстан кеткен.

«Біздің ресейлік әріптестеріміз, дәл сондай ұшқыштар 800 мың рубль алады. Біздің бірінші санаттағы ұшқыштың айлығы – 270 мың. Мен осы мәселені көтеріп, хат жаздым, мемлекет басшысы қолдап, үкіметке ұшқыштардың жалақысын екі есеге көтеру туралы тапсырма берді. Тым болмағанда 450-500 мың теңге алу үшін», — деді министр мәжілістегі үкімет сағатында.

News, Күн келбеті

Related Articles

0 Comment

Leave a Comment

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *