ҚР Елшісі Бейжіңдегі студенттермен кездесті

Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшісі Шахрат Нұрышев пен ректор Ерлан Сыдықов бастаған Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің (ЕҰУ) делегациясы Қытайдағы қазақстандық студенттер қауымдастығының (KSAC) Бейжіңдегі белсенділерімен кездесті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

Студенттердің алдында сөз сөйлеген Ш.Нұрышев Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы мен наурыз айының басында жарияланған 5 әлеуметтік бастаманың негізгі бағыттары туралы айтты.

«Өздеріңіз көріп отырғандай, Қазақстан Президенті бастамаларының басым бөлігі жастармен тікелей байланысты, себебі алға қойылған мақсаттарға келешектегі білімді ұрпақтың күш-қуатымен ғана жетуге болады. ҚХР Білім министрлігінің мәліметіне сәйкес, қазіргі уақытта Қытайда 14224 қазақстандық студент біліп алып жатыр. Олардың 2,5 мыңы Бейжіңде оқуда», — деді ол.

Foreign kazakh, News

Related Articles

0 Comment

Leave a Comment

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *