Ақпарат министрі Қазақстандағы сөз бостандығына «4» деген баға береді

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев еліміздегі сөз бостандығына баға берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

«Қазақстанда сөз бостандығы қаншалықты маңызды екенін жақсы түсінеміз. Сондықтан бұл бағытта қолдан келгенін аянып қалып жатқанымыз жоқ…Мен өзім сөз бостандығы индексіне 10 балдық шкала бойынша 7-8 (бұл 5 балдық шкаламен шамамен 4 болады- ред.) балл беремін. Қазақстанның баспасөзі азат, еркін деп ойлаймын», — деді Абаев үкімет отырысынан кейін журналистерге берген жауабында.

Министрдің айтуынша, халықаралық рейтингтерде басқа көрсеткіштің болуына көптеген фактор әсерін тигізеді.

«Өкінішке қарай, сауалнама әдісі сарапшылар бағасына қарағанда субъективті пікірге ие», — деді Абаев.

News, Рейтинг

Related Articles

0 Comment

Leave a Comment

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *