Су тасқыны фонындағы шенеуніктер (ФОТО)

Үкімет жылда көктемгі су тасқынына дайындық жұмыстарын пысықтап, әкімдерге тапсырма беріп жатады. Бірақ, судан келетін қауіп жыл сайын қайталанып тұрады. Жақында Үкімет отырсында премьер-министр Бақытжан Сағынтаев «Су тасқынына қарсы шараларға жылда қазынадан қаражат бөлеміз. Бұрын «ақша құмға кетіп жатыр» десек, қазір «суға кетіп жатыр» деп айтатын болдық» деп налыған еді.

Биыл да бұл қауіп бірнеше облыс жұртын, әсіресе Шығыс Қазақстан облысының халқын қиын жағдайға қалдырып отыр. «Қазгидромет» Алматы қаласы мен еліміздің 11 облысында су тасқыны болу қаупі бар деп болжам жасап отыр.

Бірнеше жылдан бері өңірлерді су басу кезінде көрсеткен тәжірибенің бірі, судан зардап шеккен тұрғындар облыс басшысының арнайы келіп, халықтың жағдайын біліп, қол ұшын созғанын күтеді. «Бәрі жақсы болады, уайымдамаңыздар. Ешкім баспанасыз қалмайды, әкімдік көмек береді» деген бір сөз халықтың еңсесін тіктеп, ес жиюына сеп болады. Биыл су басқан кезде ШҚО әкімі Даниал Ахметов қиын уақытта халықпен бірге екенін көрсетіп, «ер етігімен су кешіп» жүріп халыққа жұбату айтты. Бұл әкімдердің тікелей міндеті болғанмен, кейбір әкімдердің қолынан бұл да келмей жатады.

Былтыр Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев еңбек демалысында жүрген жерінен жұмысқа қайта оралып, аяғына резеңке етік киіп, өңірдегі су басқан аумақтарды аралап шықты.

Биыл табиғаттың тосын мінезі Шығыс Қазақстан облысының жұртын үйсіз-күйсіз қалдырды. Алайда, облыс басшысы Даниал Ахметов су басқан аймақтарды аралап, халықпен жүздесіп, жергілікті әкімдік оларды баспанамен қамтып, далада қалдырмауға уәде етті.

Оқи отырыңыз: Даниал Ахметов тұрғындардан кешірім сұрады

Оқи отырыңыз: «Мудрейший» Ақсақалов

Былтыр 14 наурызда Солтүстік Қазақстан облысына әкім болып барған Құмар Ақсақалов алғашқы жұмысын су басқан аумақтарды аралап, халықты жұбатумен өткізді. 2017 жылдың көктемі СҚО-да қала аумағын, сондай-ақ облыстың кейбір аудандарын су басумен басталды.

Фотолар ашық ақпарат көздерінен алынды

News, Өңірлер, Фоторепортаж

Related Articles

0 Comment

Leave a Comment

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *