Экс-губернатор Төлеев туралы: «Алжыған. Шаруақор. Дұрыс қартая алмады»

Кеше Кемерово облысы губернаторы Аман Төлеев соңғы оқиғаға байланысты өз еркімен қызметінен босатуды сұраған еді. Бүгін РФ президенті Владимир Путин Кемерово облысының губернаторы Аман Төлеевтің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы жарлыққа қол қойды деп хабарлады. 

Отставкаға кеткені жайлы 1 сәуірде таңғы уақытта белгілі болған Кемерово облысының губернаторы Аман Төлеев сауда үйінде болған алапат өртке байланысты кешірім сұрап, көңіл айтып, видео жариялады. Төлеевтің айтуынша, Кемерово облысы мен бүкіл әлем сұмдық қайғылы оқиғаға уайымдап жатыр.

«Құрметті кузбастықтар, қолымнан келгенді жасадым. Марқұмдардың отбасымен кездестім, көмек көрсету мәселесін шешуге тырыстым. Тағы да қайғырып көңіл айтамын. Әрмен қарай да өмір сүру керек қой. Жоғалтқан адамдарымызды есте сақтау үшін өмір сүру керек», — дейді видеода губернатор.

Аман Төлеевтің жасы 73-те, 1997 жылдан бері Кемерово облысының губернаторы қызметін атқарып келеді. Ол бұл лауазымға төрт рет сайланған. Кезекті қызметтік мерзімі 2020 жылы аяқталуы тиіс болатын.

20 жылдан астам уақыт облыс басқарған Аман Төлеев этникалық қазақ болғандықтан, оның үстіне қоғамда айтарлықтай резонанс тудырған Кемеровадағы оқиғадан кейін экс-губернатордың отставкасы қазақ қоғамында да үлкен талқыға түсті.

Журналист Ғалым Боқаш бұрынғы губернатор туралы бір кездері Путинге саяси саудасын өткізе алған әккі һәм тәжірибелі басшылардың бірі болғанмен, соңғы оқиға оның саяси тұрғыда алжығанын көрсетіп берді деп жазады.

1. Кемеровода қоғамдық орында, ең ірі коммерциялық ойын-сауық орталығында өрт қауіпсіздігі жүйесінің нашарлығынан және тексеру органдарының біліксіздігінен жас балалар жаппай өлген трагедиядан соң әуелі Ресей президентінен кешірім сұрап, оппозицияны кінәлап, саяси тұрғыда алжығаны көрінді;

2. Перзенттерін жерлеп, қара жамылып отырған тұрғындарға: «Отбасында бір адам өлсе, 5 миллион рубль береміз, бұл — екі адам өлсе, 10 миллион, үш адам өлсе, 15 миллион деген сөз» деп «жұбату» айтып, адами тұрғыда алжығаны көрінді;

Ельцин тұсындағы «жүйеленген хаос» кезінде билік басына келгендердің ішінде президент Путинге саяси саудасын өткізе алған аз ғана әккі һәм тәжірибелі аймақ басшыларының бірі еді. Кемеровадағы қайғылы оқиға Путиннің де, Төлеевтің де өзгермегенін көрсетті. Есесіне Ресей өзгеріп барады. «Курск», «Беслан» мен «Норд-Ост» кезінде қанын ішіне тартып қала берген азаматтық қоғамы бұл жолы мүлдем басқаша реакция танытты. Ал Төлеев күні өткен ескі жүйенің жүрексіз хозяйственник-долгожитель губернаторы ретінде тарихта қалды. Оны этникалық қазақ болғаны үшін ғана дәріптей ақтап алуға тырысып жатқандар бір ойлансын: «Егер Төлеев Қазақстандағы облыс әкімдерінің бірі болып, тура осындай төтенше жағдай кезінде (бетін ары қылсын) тура осылай сөйлеп шықса, жақсы көрер ме едік» деп.

Ал, саясаттанушы Талғат Қалиев болса 20 жылдан астам облыс басқарған экс-губернатордың болашағына алаңдаудың еш қажеті жоқ екенін жазады

Против него не выступал даже оппозиционный разоблачитель Навальный. Он действительно обладал природным чутьем, позволявшим предотвращать развитие массового протеста. Крупный бизнес был обязан финансировать социальные программы, население было удовлетворено эффективностью губернатора. На выборах любого уровня отмечалась высокая явка и высочайшая степень поддержки власти. Сам Аман Тулеев на последних выборах набрал более 90%.

Переживать за дальнейшую судьбу отставного губернатора с казахскими корнями не стоит. Как писали журналисты сайта «Медуза», способы сохранять влияние даже после отставки Тулеев предусмотрел для себя уже давно — через закон о «народном губернаторе» Кузбасса. Он был принят в 2011 году, когда Тулееву впервые пришлось взять отпуск из-за операции на позвоночнике. Облсовет присвоил Тулееву почетное звание «народный губернатор» (с орденом из трех видов золота с бриллиантами) и установил для него ежемесячную выплату в 50 тысяч рублей. Более важной выглядела другая часть закона: по ней губернатору, прекратившему свои полномочия, предоставляется помощник, а также кабинет в здании администрации с доступом ко всем базам и государственным системам. Кроме того, за ним сохраняется служебная резиденция.

Бизнесмен Айдан Карибжанов Кемеровада болған оқиға оны мүлдем таңғалдырмағанын жазады

У нас был завод в Кузбассе. Год проработал нормально, потом докопались. Это ещё времена были, когда Путин был не очень ещё великим, ФСБ не всемогущей, Тулеев был местный царь. Завод остановили. Сначала думали, что недоразумение. Проверили, нет не недоразумение, докопались как бы экологи, но дело шло с местного верху. Якобы, был в доле с конкурентами, причём из соседней области. Ставят заведомо невыполнимые условия, причём прикрываются заботой о людях, ради которых готовы жизнь отдать. Притом, что несколько сотен людей работу потеряют — пофиг.

Сначала, по наивности, пробовали по казахской линии. Звонили разные большие люди из Казахстана. По-разному жизнь с ними повернулась, но до сих пор им очень благодарен. Денег не вымогали, просто по-человечески хотели помочь. Тулеев им хамил, очень демонстративно, видимо под запись. Лично встречаться отказался, отправил своих тогдашних замов — один другого краше, у одного фингал под глазом, у другого один глаз в потолок, второй — в пол смотрят. Потом все-таки явился сам Тулеев, был краток и хамовит. Полный Босх.

Потом поговорил с одним московским очень большим олигархом. Помимо чувства юмора, половинки казахской крови, у него был ещё и близкий партнёр, тоже олигарх, но русский и патриотический, который с Тулеевым «решал вопросы». Прилетели в Кемерово ещё раз. «Патриот» зашёл первый. Несмотря на миллиарды, он демонстративно ходил с рюкзачком за плечом. Потом Тулеев торжественно объявил, что «наш вопрос решён положительно”. Губернатор выглядел обоссанным. Вышли, с олигархом-патриотом покурили на ступеньках областной администрации. «Ну если что, звони!», «Ты тоже!» (Есть же и у бизнесменов корпоративная солидарность — без денег все решили).

Был у нас похожий актив в Оренбургской области. Там губернатор был неприметный, фамилию его не помню. Это был человек редкостной скромности и порядочности. До сих пор с теплотой его вспоминаю. Может поэтому до 2018 года как губернатор не дожил. А от Тулеева у меня чувство омерзения до сих пор. И трагедия в Кемерово меня нисколько не удивила, к сожалению.

Қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының кандидаты Мұхтар Тайжан экс-губернатор Төлеевтің уақытында абыроймен кетпегенін жазады

— Аман Төлеев ағамыз шыны керек әдемі қартай алмады, xалықтың алдында абыройын шелектеп төгіп отставкаға кетіп жатыр. Уақытында кету керек еді.

News, Күн келбеті, Саяси портрет

Related Articles

0 Comment

Leave a Comment

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *