Саяси терминдерге түсінік

«Кітапхана» айдарында оқырмандар үшін сирек кездесетін әрі жиі кездесетін саяси терминдерге қысқаша түсініктеме беруді жалғастырамыз. Саяси терминдердің алғашқы парасы назарларыңызда.


ЭГАЛИТАРИЗМ – теңдік ұғымынан шығады. Мемлекеттің халық кірісін теңестіру жолындағы қызметі. Бұл КСРО кезеңінде болған.

ПСЕФОЛОГИЯ сайлау туралы ғылым. Әртүрлі сайлау жүйелерін, сайлау туралы заңдарды, электоралды мінез-құлықты, үміткерлердің сайлау науқандарын ұйымдастыруларын зерттейді.

ПУТЧ – қастандықпен жасалған мемлекеттік төңкеріс.

СЕКУЛЯРЛЫ – саясаттануда діннің догматтық ықпалынан азат қоғамдық, индивидуалистік сананы айтады. Рациолналды ойлау, эксперименттер мен компромисске ыңғайлы.

НЕПОТИЗМ – саяси қызметтерге туысқандық жолмен келу.

ГЕРОНТОКРАТИЯ (гр. Geron – қарт, егде + kratos – билік, күш) – ойшылдардың зерттеулеріне қарағанда адамзат тарихының алғашқы сатыларында қоғамды басқарудың формасы болған. Өйткені дәстүр бойынша билік жасы үлкен, қарт адамға тиесілі. Қазіргі ғылым мұндай басқару формасының болғанын дәлелдеген жоқ. Дегенмен Геронтократияға кеңестік кезеңдегі Л.Брежнев, К.Черненколардың басқарған тұсын айтуға болады.

ГРАФФИТИ – қабырғалар мен дуалдардағы плакаттар мен жазбалар.

ВОТУМ (ниет, ерік) – дауыс беру нәтижесінде қабылданатын саяси шешім. Вотум демократиялық мемлекеттерде Үкіметке сенімділік немесе сенімсіздік танытқанда Парламент арқылы жүргізіледі. Егер Парламент сенімсіздік білдірген жағдайда дауысқа салынып, шешім қабылданады. Мұндай жағдайда атқарушы билік отставкаға кетеді.

ДИСКРИМИНАЦИЯ – белгілі бір әлеуметтік топты шеттету, бөлектеу. Ресурстарсыз қалдырып, жолын байлауды да дискриминация дейді.

КОНФЕДЕРАЦИЯ – мемлекетаралық одақтың бір формасы. Басты белгісі – елдердің саяси мүддесінің қабысуы. Конфедерацияда әрбір мемлекет өзінің егемендігін, билік органдарын, бастысы конституциясын сақтайды. Ортақ азаматтық ұғымы болмайды.

МЕРИТОКРАТИЯ – мемлекеттік басқаруға тәжірибелі, дарындыларды ғана жіберуге мүмкіндік беретін қоғамдық жүйе.

СИНОФОБИЯ – Қытайдан сескеніп, оны жек көрушілік. Қытай ұлтына және олардың қолынан шыққан дүниелерге төзімсіздік.

ЦЕНЗДІ (цензовая) ДЕМОКРАТИЯмұндай кезде сайлау құқығы ерекше. Яғни, саясатқа қатысуға мүмкіндік беретін дауыс беру құқығы азғантай топқа тиесілі болады.

EXIT POLLсайлау учаскелерінен шыққан дауыс берушілермен сауалнама жасау арқылы жүргізілетін зерттеу түрі.

News, Кітапхана

Related Articles

0 Comment

Leave a Comment

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *