Наурызда бірқатар өңірлерде ауыс-түйіс болуы мүмкін…

Мемлекет басшысы былтыр қаңтар айындағы Жолдауынан кейін ақпанның 3-і күні Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізген болатын. Бірақатар министр мен облыс әкімдері баяндама жасап, кейбірі сын естіп қайтқан. Араға бір жарым ай уақыт салып наурыз айының ортасында бірқатар облыстың әкімі ауысты. Атап айтар болсақ, Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Маңғыстау облыстарының әкімдерін алмастырды.

Биыл да сол сценариймен Жолдау арналды. Үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасыдан сын естіген шенеуніктерді кеше тізіп өткен болатынбыз. Осы дәстүрлі саяси қадам жалғаса беретін болса, Наурыз мейрамын қай облыстар жаңа әкіммен қарсы алуы мүмкін?

Қырымбек Көшербаев

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Астана мен Алматы қалаларының жас әкімдеріне үлгі етсе де, «қазақша неге баяндамайсың?» деп сипай қамшылап өтті. Бұл ауыс-түйістің басты себебі бола қоймас, дегенмен Қырымбек Елеуұлының Қызылорда облысына әкім болғанына Президент АҚШ-та жүрген 17 қаңтар күні тұп-тура 5 жыл болды. Естуімізше, Қ. Көшербаев биыл халық алдындағы есбеін 1 жылға емес әкім болған 5 жылына жиып-төгіп бірақ бермекші екен. Советтік кадрлардың қай-қайсы болмасын алғашқы 5 жылдығын жақсы жоспарлап, нәтижесін де жақсы көрсетіп келген. Екінші бір фактор – Қырымбек Елеуұлының мамыр айында зейнет жасына толатындығы. Жамбыл облысынан Кәрім Көкірекбаев кеткеннен кейін дәл қазіргі уақытта облыс әкімдерінің ішінде ең ұзақ отырған Қырымбек Көшербаев болып тұр.

Бердібек Сапарбаев

Ардагер әкімдердің ішінде 9 ақпан күні 65 жасқа толған Бердібек Сапарбаев. Зейнет жасына жетсе де қызметін жалғастыруға Президенттің өзі рұқсат берген Бердібек Мәшбекұлының Ақтөбеге келгеніне де 2 жарым жылға жуықтады. 4 бірдей облыстың әкімі болған тәжірибелі саясаткердің орнына ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Оңдасын Оразалин тағайындалуы мүмкін. Ақтөбелік. Осы облыстың сыртқы экономикалық байланыс пен инвестициялар басқармасында, Ішкі саясат департаментінде басшы болған. Облыс әкімінің орынбасары қызметін де атқарған.

Даниал Ахметов

Үшінші облыста бірақ төртінші рет әкім болып отырған Даниал Ахметов те өткен жылы зейнет жасына шығып, саяси ғұмыры ұзартылған тұлға. ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының тағы бір орынбасары, ШҚО-ның тумасы Талғат Донақовтың Д. Ахметовті алмастыруы бек мүмкін.

Зейнет жасындағы «ескі мектепті» ауыстыруға басты себеп қабылданған «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы, «Төртінші революция жағдайындағы даму» атты биылғы Жолдауы себеп болуы мүмкін. Себебі замауни трендтерді елімізде енгізу үшін белгілі бір дәрежеде «қан алмасу» процесі жүруі қажет.

Инсайд

Related Articles

0 Comment

Leave a Comment

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *