Күршімдегі көпірді су алып кетті

Шығыс Қазақстанда құтқарушылар Күршім ауданында апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар жөніндегі департамент баспасөз қызметі, деп хабарлайды sputniknews.kz. 

«Қатты жауын-шашын мен өзен суының аңғарынан асуына байланысты Күршім мен Топтерек ауылдарын қосатын көпірді су алып кетті. Елді мекенді су басу қаупі жоқ, алайда Топтерек ауылына уақытша көлік қатынасы үзіліп қалды», — делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, қазір жол жабық. Көпір мен Топтерек ауылының арасы төрт шақырымдай жер. Оқиға орнында өткел салынған. Құтқарушылар жергілікті полиция және аудан әкімшілігімен бірге қайықпен ауылға азық-түлік жеткізіп және адамдарды тасымалдап жатыр.

 

News, Өңірлер, Фоторепортаж

Related Articles

0 Comment

Leave a Comment

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *