Қазақстанда мемлекеттік саяси қызметтегі әйелдердің үлесі өте аз

2006-2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік стратегиясы бекітілгеннен кейін Қазақстанда мемлекеттік органдардағы жетекшілік қызметте жүрген әйелдердің қатары 30%ға жетті. Бүкіләлемдік экономикалық форумның рейтингі бойынша Қазақстан 200 мемлекеттің арасында жыныстық теңдік бойынша 51 орында тұр. Олардың бағамдауынша, Қазақстанда мекемелерде жетекшілік ететін әйелдердің үлесі 29%-ды құрайды екен. Білім саласында 63,8%, ал денсаулық саласында — 46,3%.

ҚР Статистика агенттігінің мәліметі бойынша, ҚР Парламенті мәжілісіндегі әйелдердің үлес-салмағы 27,1% екен. 2006 жылы бұл көрсеткіш бар болғаны 16,7% болған екен. Сондай-ақ, еліміздегі бас-аяғы 411 мемлекеттік саяси қызметкерлердің небәрі 40-ы ғана әйелдер екен. Бұл саяси қызметкерлер арасындағы әйелдердің үлесі бар болғаны 9,7% ғана деген көрсеткіш.

Бүкіләлемдік экономикалық форум рейтингінде Қазақстандағы саяси қызметте жүрген әйелдердің көрсеткіші 2006-2016 жылдар бойынша 69 орыннан 77 орынға дейін төмендеген. Ал экономика саласында басшылықта жүрген әйелдердің үлесі бойынша көрсеткіш 16 орыннан 31 орынға дейін құлдилаған.

 

News, Рейтинг

Related Articles

0 Comment

Leave a Comment

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *